Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 «Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» бұйрығының (06.05.2025 жылғы редакцияда) 56-тармағына сәйкес, ваучер мынадай жағдайларда жойылуы мүмкін:

  1. Ваучер ұстаушы басқа елді мекенге көшкенде.
  2. Ваучер ұстаушы қайтыс болған жағдайда.
  3. Қызмет алушы қатарынан екі ай бойы электрондық қатысу табелін растамаған жағдайда.
  4. Ваучер ұстаушы ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде дәлелді себепсіз барлығы 40 күннен астам білім беру қызметтерін алмаған және (немесе) МДҰ-ға бармаған жағдайда.
  5. Күнтізбелік жыл ішінде толық 6 жасқа толған және МДҰ-да мектепалды даярлық бағдарламасынан өткен тәрбиеленушіні шығару кезінде (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның тиісті ұсынымдарына сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоспағанда).
  6. Қызмет алушы ваучерді одан әрі пайдаланудан бас тартқан жағдайда.

️ АТА-АНАЛАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ!

Балабақша әкімшілігі баланың электрондық қатысу табелін ай сайын 1-нен 10-на дейінгі аралықта растау қажеттілігіне ерекше назар аударады.

Егер электрондық қатысу табелі қатарынан екі ай бойы расталмаса, ваучер жойылуы мүмкін.

Балаңыздың білім беру қызметтерін алу құқығын сақтап қалу үшін электрондық қатысу табелін уақтылы растауларыңызды сұраймыз.