Конкурстың басталу күні: 02 қазан 2025 ж
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 44 бөбекжайы» КМҚК Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-фараби көшесі, 90А дене тәрбие жөніндегі нұсқаушы бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту дене тәрбие жөніндегі нұсқаушысы (1 бірлік)
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық (мектепке дейінгі) немесе кәсіптік білім;
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін;
Психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар, санитариялық қағидалар; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- конкурсқа қатысуға өтінім;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог- магистр біліктілік санатының сертификаты (болған жағдайда);
Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне және санатына байланысты штат кестесіне сәйкес.
Конкурсқа қатысушылар оның біліміне, еңбек өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, аттестаттау, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары) ұсына алады. жұмыс және т.б.).
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми сайтта жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті ) жұмыс күні ішінде жүргізіледі: https://yasli-sad44.1-bilim.kz/
Анықтама телефоны: 54-12-83, 54-12-60
Электрондық пошта: sad44@kst-goo.kz
