2024 жылдың 18 қазанда сейсмикалық жаттығу жүргізілді. Іс-шараның мақсаты: іс-шараларды орындауға дайындығын тексеру және жер сілкінісі кезінде практикалық әрекеттер мен дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Жаттығу барлық жас топтарымен және балабақша қызметкерлерімен өткізілді. Жаттығу барысында салыстырмалы түрде қауіпсіз орындарды қысқа мерзімде басып алу дағдылары қалыптасты. Одан кейін тәрбиенушілер бұйрық бойынша ғимараттан, соның ішінде авариялық шығулар арқылы шығып, электр сымдарынан, биік ағаштардан және үйлерден алыс орын алды. Шараға 29 қызметкер мен 131 тәрбиенушілер қатысты.