Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мектепке дейінгі ұйымда қазақ тілі мұғалімі бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Байқаудың басталу күні: 28 тамыз 2024 жыл

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 44 бөбекжайы» КМҚК: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 90А мектепке дейінгі ұйымда қазақ тілі мұғалімі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • білімі «Қазақ тілі және әдебиет» бағыты бойынша арнайы орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе «Қазақ тілі және әдибиет» бағыты бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білімді растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
  • және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер мамандығы бойынша жұмыс өтілі-5 жыл;
  • мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

 

Білу керек:  

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білуі қажет.;

— қазақ тілді оқыту әдістемесі, мектепке дейінгі педагогика және психология;

— оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері.;

—  музыканы оқыту әдістемесі саласындағы жаңа жетістіктер  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері, санитарлық ережелер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) педагогтердің білімін бағалау сертификаты (бұдан әрі — ПББ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

Лауазымдық жалақысы штат кестесіне сәйкес еңбек сіңірген жылдарына және санатына қарай (146531-256319 тнг).

Конкурсқа қатысушылар оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы, аттестаттаудан өту, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми сайтта жарияланған сәттен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс: https://sadik44-kst.edu.kz/

Анықтама телефоны: 54-12-83; 87776350114

Электрондық пошта: sad44@kst-goo.kz