2024 жылғы 19 қазанда «Қостанай қаласының №44 бөбекжайы» КМҚК-да қызметкерлер мен тәрбиеленушілер арасында төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын пысықтау бойынша оқу-жаттығу өрт эвакуациясы өтті. Өмір тосын сыйларға толы, және баланы қиын жағдайларда сабырлы болуға, одан шығудың жолдарын табуға үйрету маңызды. Балабақшаның басты міндеттерінің бірі — білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Дабыл түймесінің сигналы бойынша балалардың балабақша аумағына жедел және үйлесімді шығуы ұйымдастырылды. Іс-шараға 29 қызметкер мен 132 тәрбиеленуші қатысты.