Білім беру ұйымына жұмысқа орналасқыңыз келе ме?
Енді мұның бәрін онлайн түрде бірыңғай портал арқылы жасауға болады hr-nobd.edu.kz
Бұл қандай портал?
HR-NOBD — бұл педагогтарға арналған бос жұмыс орындары орналастырылатын және үміткерлерді іріктеу ашық түрде жүргізілетін Ұлттық білім беру деректер базасының модулі.
Бұл қалай жұмыс істейді?
- Сайтта тіркелесіз (ЖСН және ЭЦҚ қажет).
- Өңір мен жұмыс түрі бойынша ашық бос орындарды қарайсыз.
- Онлайн өтінім беріп, қажетті құжаттарды тіркейсіз.
- Өтініміңіздің мәртебесін жеке кабинеттен бақылайсыз.
Неліктен бұл ыңғайлы?
- Жұмысқа орналасудың ашық процесі.
- Ел бойынша барлық бос орындар бір жерде.
- Қағазбастылықтың аз болуы

